Қазақстанда Абайдың мерейтойы атап өтіліп жатыр

Биыл қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы әрі классигі Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Ол – жүздеген өлең, поэма мен аударманың, философиялық трактаттар стилінде жазылған "Қара сөздердің" авторы. Ақынның туған күні биыл елде 1-10 тамыз аралығында атап өтіліп жатыр.

Бүгін таңертең ақынның туған жері Жидебайда Құран бағышталып, құрбандық шалу рәсімі болатыны хабарланған. Одан соң барлық өңірде Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай құттықтау жариялады.

“Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды” деп жазылған ресми хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, Абайдың мерейтойына орай елде 100-ден астам іс шара жоспарланған.

Бұған дейін 1 тамызда ABAY ACADEMIYASY атты ақынның шығармашылығына арналған энциклопедиялық портал ашылған. Бұл ақын мұрасын цифрландыру, жүйелеу және ғылыми ортаға қолжетімді етуге бағытталған деп айтылады. Ақынның туған күніне орай елде «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы сахналанып, жыр мүшәйралары, концерттер өтіп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Тоқаев Абайды айтса да, Назарбаевты сөзінен тастамайды"Тоқаев Абайдың мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойдыБұлай болмайды ғой... (патриоттық әңгіме)Абайдың Мәскеуде шыққан жинағы Қазақстан дүкендеріне де түседіАбай "ресейлік оппозицияның ақынына" айналдыАбай ескерткіші: Алматыда - жиын орны, Мәскеуде - қарсылық символы